Page 140 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 140

Ерте  орта  ғасырдың  тағы  бір

        ұлы  ойшылы  Отырардың  тумасы,
        ойшыл, ғалым-энциклопедист Әбу
        Насыр әл-Фараби (870–950) бол-

        ды.  Ол  философия,  математика,
        сәулет,  музыка  теориясын  оқыды
        және  этика  саласындағы  зерттеу-
        лерімен  танымал.  Логика  ғылы-
        мында  әл-Фараби  өзінің  үлесін

        қосты.  Фараби  әлемдік  деңгейде-
        гі  ғалым  болды.  Ол  араб,  парсы,
        грек, үнді және түркі ғылымы мен

        мәдениетінің  жетістіктерін  жақын-                       87-сурет.
        дастырып  біріктірді.  50  ден  астам              Әбу Насыр әл-Фараби
        еңбектері бар. Арабтың ортағасы-
        рлық ғылымы әл-Фарабидің еңбектерінде қалыптасты.
            X–XII ғасырлардағы түркітілдес әдебиеттің өкілі – Жүсіп

        Баласағұни,  ол  шамамен  1017  жылы  дүниеге  келген.  Ол
        1069-1070  жылдары  жазылған  «Құтты  білік»  поэмасының
        авторы.  Жүсіп  Баласағұнидің  пікірінше,  мемлекетті  жұрт-

        шылыққа ізгілік әкелетін білімді де мәдениетті билеуші басқа-
        руы тиіс, әркім өз парызын өтегенде ғана қоғам көркейеді деп
        ой түйеді.
            Түркі тайпаларының тілі, фольклоры туралы очерктің ав-
        торы – Махмұд Қашғари. Оның «Түрік тілінің сөздігі» түрік

        энциклопедиясы  болып  есептеледі.  Онда  тарихи,  мәдени
        материалдар  жинақталып,  қорытындыланды.  Мұнда  түр-
        кітілдес фольклордың негізгі жанрлары – әндер, дастандар,

        дәстүрлер, аңыздар, 400-ден астам мақал-мәтелдер, ауы-
        зекі нақыл сөздер ұсынылған. Махмұд Қашғари сөздігі орта
        ғасырдағы түркілердің өмірі туралы ақпараттың көзі болып
        табылады.




                                                                                       139
   135   136   137   138   139   140   141   142   143   144   145