Page 145 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 145

ШЫҢҒЫС ХАННЫҢ ЖАУЛАП АЛУ

                                          ЖОРЫҚТАРЫ


                 Бұл тақырыпта сен:
                 Шыңғыс хан деген кім екендігі және моңғолдардың
                 жаулап  алу шапқыншылықтары туралы білетін бола-
             сың.


                 XIII ғасырда Еуразияның кең кеңістігінде көшпелі тайпалар
             Ұлы Моңғол империясы құрылған. Оны қолбасшы Шыңғыс
             хан құрды.

                  Ол заманда қазіргі Моңғолия аумағында көшпелі мал ша-
             руашылығымен айналысатын тайпалар өмір сүрген.
                 Аңызға сүйенсек, 1155 жылы моңғол тайпаларының бірін-
             де  Шыңғыс  хан  өмірге  келген.  Дүние  есігін  ашқанда  оған
             Темужин деген ат қойылады. Оның әкесі моңғол тайпалары-
             ның бірінің жетекшісі болған екен. Бірақ тайпалардың басы

             бірікпейді.  Оларда  бірлік  болмады  және  үнемі  бір-бірімен
             соғысып  жататын.  Сондықтан  Темужиннің  ата-анасы  өл-
             тіріліп, өзін тұтқынға алады.
                 Тұтқынға түсіп, ол біраз уақытын құлдықта өткізді. Бостан-
             дыққа шыққаннан кейін билік үшін күресті бастайды.  Темужин

             ақылымен,  батылдығымен,  әділдігімен  көптеген  жауынгер-
             лерді  өз  жағына  тартты.  Ол  айналасындағы  тайпаларды
             біріктірді. Бірте-бірте күші артып, даңқы жайылады. Темужин-
             нің билігі нығая түсті. 1206 жылы құрылтайда моңғол тай-
             палары оны жоғарғы билеуші етіп сайлап, оған Шыңғыс хан
             деген ат қояды.

                 Шыңғыс хан әскерге көп көңіл бөлді, әлемдегі ең мықты
             атты әскер құрды. Моңғол атты әскерлері қарсыласын күтпе-
             ген  жерден  басып  алып,  кең  далада  үлкен  жылдамдықпен
             жылжыды. Ол әскерге қатаң тәртіп енгізді, сондықтан оның
             әскері  мықты,  тәртіпті,  жақсы  ұйымдасқан  еді.  Шыңғысхан-

             ның әскері ұзақ уақыт бойы жеңіліс көрмеді.


           144
           144
   140   141   142   143   144   145   146   147   148   149   150