Page 150 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 150

ЖОШЫ ҰЛЫСЫНЫҢ ЫДЫРАУЫ.

                     ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ

            Бұл тақырыпта сен:
            Жошы ұлысының ыдырау себептері туралы;
            Қазақ хандығының негізін қалағандар;

            би мен батыр қазақ қоғамында қандай рөл атқарғаны
            туралы білетін боласың.


            Шыңғысхан  қайтыс  болғаннан  кейін  Ұлы  Моңғол  Ұлысы
        төрт бөлікке бөлінді. Әрбір бөлігі ұлдарына берілді.
            Қазіргі Қазақстанның жері үлкен ұлы – Жошыға берілді.

        Сондықтан оны Жошы ұлысы немесе Алтын Орда деп атады.
        Алтын орда көптеген жаулап алу жорықтарын жүргізді. Жошы-
        ның ұлы Бату хан көптеген елдерді жаулап алып бағындыр ды.
        Оның ішінде Еділ Бұлғариясы, Русь,  қазіргі Польша, Венгрия,
        Болгария, Сербия, Хорватия жерлерін бар. Тіпті Орталық Еу-

        ропа мен Адриат теңізіне жетті. Кейінірек Бату хан Еділдің
        сағасындағы Сарай Бату қаласына қо ныстанды.
            Жошы Ұлысы үлкен аумақты алып жатты және 300 жылға

        жуық уақыт бойы өркендеді. Оған қазіргі Қазақстан аумағы,
        Батыс  Сібір,  Еділ  бойы,  Солтүстік  Кавказ,  Қырым,  қазіргі
        Украинаның оңтүстігі кірді. Орыс князьдіктері, Болгария және
        Сербия  алым  төлеп  отырған.  Ұлыста  пошта  қызметі  жөнге
        қойылған.  Бұл  сауданың  өсуіне  және  Ұлы  Жібек  жолының

        жаңадан гүлденуіне себеп болды.
            Алайда, XV ғасырда қуатты Жошы Ұлысы ыдырай баста-
        ды. Бұған әртүрлі себептер ықпал еткен еді.

            Біріншіден Ұлы Жібек жолы бұрынғы маңызын жоғалтты.
        Еуропа өзі жібек шығара бастады және Қытаймен сауданың
        мәні айтарлықтай төмендеді. Өйткені Қытайдан келетін негіз-
        гі тауар жібек болған еді.
            Екіншіден, Үндістан мен Қытайға теңіз жолы ашылды. Сау-




                                                                                       149
   145   146   147   148   149   150   151   152   153   154   155