Page 148 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 148
қорған бұзатын қару, от лақтырғыш машиналар және басқа
құрылғылар. Қаланы қоршауға алған кезде моңғолдар осы
құралдарды қолдана бастады. Үлкен жанып тұрған тастарға
шайыр жағып өртейді. Содан кейін оны лақтырғыш құралмен
қоршаудағы қалаға лақтырады. Осыдан қалада өрт бастал-
ды. Қорған бұзғыш қарумен қаланың қабырғаларын қиратты.
Алты ай бойы қолбасшы Қайыр хан Отырарды ұстап тұрды.
Қала қорғаушыларының ешқайсысы тұтқынға түскісі келмеді.
Бірақ күш тең емес еді. Моңғолдар күн сайын қалаға жаңа
мыңдығын жіберіп отырды. Ал тұрғындардың демалуға уақы-
ты болмады. Ақыры алты ай қоршаудан кейін моңғолдар
қалаға басып кіріп, барлық тұрғындарды қырып салды. Тек
Қайыр ханды тірідей ұстауға бұйрық берілді. Қайыр ханның
керемет төзімділігіне таңқалған Шыңғыс хан оны азаптап өл-
тіруге үкім шығарды.
Сондай-ақ көптеген басқа қалалар күйреді. Көп адам өл-
тірілді. Алыс шет елге құл ету үшін мыңдаған әйел, бала-шаға
мен қолөнерші тұтқынға айдалды.
92-сурет. Шыңғысхан әскерінің жаулап алған жерлері
147