Page 153 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 153
түрлі қазақ рулары арасында қақтығыстар тудырғандарды
жазалады.
Қазақ хандығы кезінде халық көшпелі және жартылай
көшпелі өмір салтын жалғастырды. Сонымен қатар оңтүстік-
те қала өмірі дамуын жалғастырды.
Аумақтық белгілері бойынша барлық қазақ рулары үш
жүздің құрамына кірді. Оларды – Ұлы жүз, Орта жүз және
Кіші жүз деп атаған. Ұлы жүз жеріміздің оңтүстік аумағы мен
Жетісуді, Орта жүз – солтүстік, орталық және шығыс жер-
лерінде, ал Кіші жүз – батыста мекендеген.
Орта ғасырларда қазақ қоғамы екі негізгі таптардан құры-
латын: ақсүйек және қарасүйек.
Ақсүйектерге Шынғыс ханның ұрпақтары жататын. Шын ғыс
ханның ұрпақтарын басқалай – төре деп атаған. Төрелердің
ішінен хандар сайланатын. Олар билер сотына бағынбаған,
салықтан босатылған.
Қарасүйектерге билер, батырлар, сарбаздар, қарапайым
мал шаруалар мен құлдар кірді. Қарасүйектер хан белгілеген
барлық заңдарға бағынып, салық төлеген. Алдымен қарасү-
йектердің өкілдері тек рулар мен ауылдарды ғана басқара
алатын, бірақ XVI ғасырдың аяғынан бастап оларды билікке
жібере бастады.
Қазақ қоғамында билер, төрешілер және батырлар –
маңызды рөл атқарды. Билер өздерінің әділдігінің, заңдар-
ды білуінің және халық арасындағы құрметтің арқасында
қазы атанды. Хан биді тағайындай да алмады, лауазымынан
айыра да алмады. Кейбір билер тек қазы ғана емес, сонымен
бірге өз руларындағы билеуші және хандардың кеңесшісі
болды.
Көптеген жаулармен күресте қазақ қоғамындағы батыр-
лардың рөлі күшейе түсті. Көшпелі қоғамда әрбір ер адам
жауынгер болған. Бірақ әрбір жауынгер батыр атағын ала
алмады. Соғыс кезінде батырдың өмірі шайқастар мен жо-
152
152