Page 149 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 149

Шыңғыс  хан  қысқа  уақыт  ішінде  Орталық  Азия,  Парсы,

             Кавказ,  Оңтүстік  Ресей  халықтарын  бағындырды.  Ол  түркі
             және моңғол тайпаларын қол астына жинап, жаңа мемлекет
             – Шыңғыс хан империясын құрды. Тарихшылар оны Ұлы

             Моңғол ұлысы – моңғолдар мемлекеті деп атады.
                 1227 жылы Шыңғысхан қайтыс болады. Ол өмірден кеткен
             соң Ұлы Моңғол Ұлысы 4 бөлікке бөлінді. Ұлы Моңғол Ұлысы-
             ның әр бөлігі Шыңғысханның 4 ұлына берілді.
                 Бірақ  Шыңғыс  ханның  өлімімен  моңғол  шапқыншылығы

             тоқтап қалған жоқ. Оның мұрагерлері жаңа елдерді жаулап
             алуды жалғастырды.



                Құрылтай – ақсүйектер өкілдерінің жалпы мемлекеттік
                жиналысы.

                Жаулап алу жорықтары – әскерлердің басқа халықтар-

                дың аумағын бағындыру мақсатындағы жорықтары.

                Ұлыс – моңғол және түркі тілдерінде мемлекет осылай
                деп аталды.



               ?          1. Моңғол империясының қолбасшысын ата.
                         2. Шыңғыс ханның өмірі туралы айтып бер.
                       3. Моңғол армиясының ерекшелігі, күштілігі неде?
                        4. Отырар қаласы туралы айтып бер.
                          5. 91-суретте не көрсетілген? Қарулар туралы әңгімеле.
                        6. Қорған бұзатын  қаруларды кім ойлап тапты? Олар не үшін
                           қажет?
                         7. Қорған бұзатын  қаруларды қалай қолданғанын айтып бер.
                         8. Картаға сүйеніп Шыңғысханның жаулап алу  жорықтары ту-
                           ралы әңгімеле (92-сурет).












           148
           148
   144   145   146   147   148   149   150   151   152   153   154