Page 139 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 139
Яссауи рухани мәдениеттің тарихына халыққа көркем
сөздің шебері ретінде енді. Яссауи шығармашылығы – бүкіл
түркі халықтарының ортақ рухани мұрасы. Бұл қыпшақ диа-
лектісінде жазылғанына қарамастан барлық түркілер әлі күн-
ге дейін «Даналық кітабын» аудармасыз оқи алады. Арыс-
тан-баб Ахмет Яссауидің алғашқы ұстазы болған. Бұл туралы
Қожа Ахмет Яссауи: «Арыстан-бабтың сөздері қасиет ті, оны
тыңдаңдар, бұл сөздерде екіжүзділік, өтірік, пайдакүнемдік
сыналады және онда адамгершілік тұрғыда жетілуге шақы-
ру бар» деп, өзін исламмен таныстырған Арыстан-баб екенін
айтады.
Кейбір деректерде Қожа Ахмет Яссауи 73 жыл өмір сүр-
ген. Шығыста әйгілі ежелгі түркі ақыны және уағыздаушы
Қожа Ахмет Яссауидің құрметіне Әмір Темірдің нұсқауымен
оның құлпытасы бұрын тұрған жерде 1405 жылы кесене тұр-
ғызылды.
86-сурет. Арыстан-баб кесенесі
138
138