Page 134 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 134

дары  бір-бірімен  көптеген  шағын  жолдармен  байланыс қан

        еді.  Сауда  жолдарының  бойында  саяхатшы лар  мен  сауда-
        герлерге ыңғайлы болу үшін керуен сарайлар мен базарлар
        салынған қалалар өсті.
            Керуен  жолының  бойында  түркі  тілдес  тайпалар  салған
        қалалардың дамуына Ұлы Жібек жолы үлкен әсер етті.
            Тараз, Отырар, Сығанақ, Қойлық, Түркістан, Сайран қала-
        лары арқылы Орталық Азиядан, Таяу Шығыстан Қытайға,
        Еуропаға және кері бағытқа бағалы тауарлар ағымы жүрді.
        Орталық    Азиядан  әйнек,  зергерлік  бұйымдар,  қолөнер  бұ-
        йымдары, жылқылар, Қытайдан жібек, фарфор әкелінді. Же-
        келеген қалалар  белгілі бір заттарды өндіруге және сатуға
        маманданды. Көшпенділермен айырбас сауда сол кезеңнің
        ірі қалаларында жәрмеңкелерде жүргізілді. Қалалар мен елді
        мекендердің тұрғындары жылқы, мал, жүн, тері, киіз түрлерін,
        сүт өнімдерін сатып алды. Оның орнына көшпенділер мата,
        нан, ыдыс-аяқ алды.

            VI–VIII ғасырларда атақты рулар алғашқы тамға ларымен
        монеталар шығарған. Сол кезеңде монета шығаратын орын-































                                 82-сурет. Ұлы Жібек жолы


                                                                                       133
   129   130   131   132   133   134   135   136   137   138   139