Page 133 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 133
ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ.
ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ҚАЛАЛАРДЫҢ ГҮЛДЕНУІ
Бұл тақырыпта сен:
Ортағасырлық Қазақстанның басқа елдермен сауда қа-
тынастары туралы;
Жібек жолы қалаларындағы өмір мен сауда туралы
білесің.
Ежелгі дәуірден бастап Қазақстан халқы Византия, Иран,
Орта Азия, Кавказ, Алтай, Шығыс Түркістан, Қытай, Үндістан,
Сібір елдерімен сауда қатынасында болды. Ең маңызды ке-
руен жолдарында керуен-сарайлар болды, қаладағы сауда
орны базар болды.
Адамзат тарихындағы ең танымал сауда жолы – Ұлы
Жібек жолы.
Ұлы Жібек жолы – ежелгі және орта ғасырларда Шығыс
Азия мен Жерорта теңізін байланыстыратын керуен жолы.
Ұлы Жібек жолы біздің дәуірімізге дейінгі уақытта пайда
болды. Оның бірнеше маршруттары болған. Негізгі ірі жол-
81-сурет. Е. Садырбаев «Керуен сарайы түстен кейін»
132
132