Page 118 - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ Арнайы мектептерге (сыныптарға) арналған Әбіл Е.А., Абаева Ғ.А., Макажанов А.Т
P. 118
Түріктер – біздің заманымыздың V ғасырында біріккен
және Қазақстан аумағында өмір сүрген тайпалар одағы.
Қаған – Хандардың ханы – ғұндар кезеңінен кейінгі көш-
пелі елді билеушілердің ең жоғарғы атағы.
Қағанат – қағанның иелігі, бір қағанға бағынатын жерлер
мен халықтар.
? Бұл қалай аталды?
1. Он рудың тайпалық одағы қашан дүниеге келді?
2. Түріктердің алғашқы көшбасшысы кім болды?
3. Барлық көшбасшылар кімнің құрметіне қағандар деп атала
бастады?
5. Қағанат дегеніміз не?
6. Ұлы Түрік қағанаты қалай құрылды?
7. Ұлы Түрік қағанатында әлеуметтік бірлік қалай сақталды?
8. Картадан Ұлы Түрік қағанатының аумағын көрсет (71-сурет).
Бұл қызық!
Ашина туралы аңыз
Аңыз желісі бойынша көк аспан түріктері қамсыз-мұңсыз
еркін өмір сүріпті. Соның зардабын да тартқан көрінеді.
Бірде оларды жау шауып, бәрін түгелдей қырып салады.
Он жасар бір бала ғана аман қалыпты. Жау оның да аяғы
мен қолын шауып, өзін ұйық батпаққа лақтырып кетеді.
Алайда, түріктердің құдайы – мейірімді Тәңірі оған шона
қасқырды жібереді. Шона қасқыр баланы емізіп, асырап
өсіреді де кейін одан он ұл туады.
Қасқырдан туған бір ұлдың есімі – Ашина. Ол Алтай тау-
ларының беткейінде тұрған өз руына басшы болады. Міне,
осылар түріктер еді. Содан бері Бөрі-Ана тек жебеушісі са-
налады. Ол түрік әскері байрағының бәрінде бейнеленеді.
117