Page 83 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 83

бірнеше күнге созылады. Бес жүз ғана әскермен қалған
          Кенесары  шайқасты  жалғастырады.  Күш  тең  емес  еді.
          Қашуды ұсынғанда ол «егер қазақтың ханы қашып кет-

          се, бұл ұрпақтар үшін кешірілмес мысал болады» деп,
          жауап береді. Кенесары ұсталады. Жауы оны өлім жа-
          засына бұйырады. Жаза орындалатын жерге қырғыздар

          тұтқындағы қазақтарды алып келіп, оларға соңғы қазақ
          ханының  қалай  жазаланатынын  көрсетпекші  болады.
          Содан  соң  Кенесарының  басын  алып,  қырғыздардың

          атынан Ресей императорына шын бағыныштылығының
          белгісі ретінде апарып береді.
































                       51-сурет. Кенесары өмірінің соңғы сағаттары














                                                                                       83
   78   79   80   81   82   83   84   85   86   87   88