Page 82 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 82

Отарлық саясатқа қарсы барлық көтерілістердің басылға-

             нына қарамастан, қазақтардың азаттық қозғалысының оң
             салдары  да  болды.  Ресей  империясы  салықты  көбейтуді
             тоқтатты, патша үкіметі көтерілісті қолдаған билер мен қазақ

             ауылдарының  ақсақалдарымен  есептесуге  мәжбүр  болды.
             Сонымен қатар қарсылық отарлауды көптеген онжылдықтар
             бойы тежеді. Осының арқасында қазақтар өзіндік ерекшелі-
             гін,  дәстүрін,  мәдениетін,  салт-дәстүрін,  тілін  сақтай  алды.
             Әрі қазақтардың негізгі көпшілігі өзінің байырғы жерлерінде

             қалды.


               ?       1. Патша саясатына қарсы қазақ халқы көтерілісінің себепте-
                        рін ата.
                       2. Кенесары ханның басшылығымен көтеріліс кезіндегі қазақ-
                        тар мен орыстардың қару-жарағы жайлы айтып бер.
                       3. Қазақтардың көтерілістері неліктен жеңіліс тапты?
                      4. Ресейдің отаршылық саясатына қарсы көтерілістерімен қа-
                        зақтар неге қол жеткізе алды?
                       5. «Бұл қызық» бөлімін оқы.
                             Шайқасқа қатысушылардың атын ата.
                              Ұрыстың барысы туралы айтып бер.
                             Кенесары қашу туралы ұсынысқа не деп жауап берді?
                        Мәтіннен тауып оқы. Неге ол солай жауап берді?
                        Қазақтар не үшін Кенесары ханды әлі күнге дейін еске алып,
                        құрметтейді?


             Бұл қызық


                   1847  жылы  Кенесарының  қол  астында  15  мың  ғана
               әскер  қалады.  Байырғы  қазақ  жерлерін  қайтару  үшін

               қырғыздармен  қақтығыстар  басталады.  Майтөбе  де-

               ген  жерде  Кенесары  әскерінің  қырғыздармен  шайқасы
               өтеді.  Тура  шайқас  кезінде  екі  сұлтан  Кенесарыны  са-
               тып кетіп, әскердің бір бөлігін алып кетеді. Шайқас тағы




           82
            82
   77   78   79   80   81   82   83   84   85   86   87