Page 79 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 79

Сырым  батыр  1783–1787  жылдары  отаршылыққа  қарсы

        көтерілісті бастады. Ол Ресей мен оның жағына өтіп кеткен
        хандар  ордасына  шабуыл  жасады.  Қазақ  жасақтары  орыс
        бекіністеріне шабуыл жасады. ХІХ ғасырдың басында Сырым

        алыс оңтүстікке көшуге мәжбүр болып, сонда қайтыс болды.
        Кейбір мәліметтерге сүйенсек, оны сатқындар улаған.
            Қазақтардың  азаттық  күресінің  жаңа  кезеңі  1820–
        1830  жылдары  басталады.  Бұл  кезде    Ресей  хандық

        билікті  жойып,  қазақтарды  тәуелсіздік  пен  мемлекеттіліктің
        қалдығынан           айыруға        тырыс-
        ты.  Бұған  жауап  ретінде  елі міз-

        дің  батысында  батыр  Жоламан
        Тіленшіұлы,  ал    Сол түсті гінде
        сұлтан  Саржан  Қасымұлы   бас-
        қарған  үлкен  көтері ліс  басталды.

        1839  жылы  Саржан  өлтірілді.
        Көтерілісшілердің  басына  Абылай
        ханның немересі Кенесары келді.

            Кенесары  бірнеше  ірі  жеңіске
        қол жеткізіп, 1841 жылы хан етіп
        сайлаған  көтерілісші  қазақтардың
        басын          біріктірді.       Кенесары

        Қасымұлы  –  Қазақ  хандығының                    48-сурет. Кенесары хан
        соңғы  ханы.  Ол  басқаруда  сәтті
        өзгерістер  жүргізді, салық салуды реттеді. Кенесары одақ-
        тастар табуға тырысты. Ол Хиуа және Бұқар хандықтары мен

        келісім жасасты.
            Алайда күштер тең емес еді. Қазақтар батылдықпен шай-
        қасты. Бірақ Ресей әскері бәрібір күштірек еді. Олар мықты,
        алдыңғы  қатарлы  қару-жарақты  қолданды.  Ресей  әскері

        зеңбірекпен  және  мылтықпен  жақсы  қаруланған.  Ресей
        әскерінің  артында  бүкіл  империяның  күш-қуаты  тұрды.



                                                                                       79
   74   75   76   77   78   79   80   81   82   83   84