Page 76 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 76

46-сурет. Жәрмеңке

                 XIX  ғасырдың  60  жылдарына  қарай  қазақ  жері  Ресей
             империясының отарына толығымен айналды. Сұлтандардың
             билігі  жойылды.  Барлық  қазақ  жерлері  Ресейдің  аумақта-
             рына  бөлініп,  олардың  басына  орыс  офицерлері  қойылды.
             Қазақ халқына көлемді салық салды. Ең шұрайлы жерлерді
             таңдап,  тартып алды. Ресейдің еуропалық бөлігінен жерсіз

             шаруаларды осында көшіре бастады.
                 Сонымен қатар Қазақстан аумағы Ресейге толық қосыл-
             ғаннан  кейін  орыс  өнеркәсіпшілері  еліміздің  жер  қойнауын
             игере  бастады.  Орталық  Қазақстанда  көмір  мен  мыс  кенін
             өндіру бас талды. Жаңа қалалар бой көтерді.
                 Қазақстаннан және XIX ғасырдың 60–80 жылдары Ресей-
             ге  қосылған  Орта  Азиядан  шикізатты  әкету  үшін  Қазақстан

             аумағында  алғашқы  темір  жолдар  салына  бастады.  Бұл
             қазақ жерінің Ре сейге қосылуының оң нәтижесі болды.

                Отар – басқа мемлекеттің билігіндегі тәуелді аумақ.
                Жәрмеңке –  жыл сайынғы белгілі бір жерде өтетін сауда-
                саттық.  Жәрмеңкеде  көптеген  адамның,  саудагерлер
                ғана емес, әншілер мен сал-серілердің де басы қосылған.



           76
            76
   71   72   73   74   75   76   77   78   79   80   81