Page 72 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 72

Жүз – қазақ руларының тайпалық одақтары.

                Бағыныштық – мемлекет өзінің тәуелсіздігін жоғалтып,
                басқа мемлекеттің билігіне өтуі.



               ?        1.  Ресейге қосылған қазақ  аумақтарын тауып, картадан көрсет
                         – 1762 ж., 1876 ж., 1901 ж. (42-сурет).
                       2.  Ресей патшайымынан бағыныштық сұранған кім?
                       3.  Әбілқайыр ханды барлық жүздер қолдады ма? Неліктен?
                       4.  Қазақ жүзінің Ресейге бағыныштық қабылдау шарттары ту-
                          ралы айтып бер.
                      5.  Ресейге  қосылғаннан  кейін  Қазақстан  аумағында  қандай
                         өзгерістер болды?

             Бұл қызық


                   Бір  жүздің  құрамына  кірген  қазақтардың  тайпалары

               туыс болып саналады. Әр жүздің өз биі болған, ал Қазақ
               хандығы кезінде – жеке ханы болған.

                   Бейбіт заманда мәселелер жүздің өз ішінде шешілген.
               Алайда бұл жүздер арасында саяси, шаруашылық-мәдени,
               этникалық байланыстар болмағанын білдірмейді. Көшпелі
               мал  шаруашылығымен  айналысқан  рулар  мен  тайпалар

               арасында  тығыз  экономикалық  қатынастар  орнатылып,
               сауда байланыстары жөнге салынып, неке қиылған.
                   Егер  ортақ  отанның  басына  бұлт  үйіріліп,  оны  қорғау

               мәселесі  туындап  жатса,  қазақтың  барлық  жүздері  бір
               жұдырықтай  жұмылған.  Қауіп  қазақ  жеріне  төнгендіктен,
               қандай да бір аумақтың қай жүзге тиесілі екендігіне қатысты
               ешқандай келіспеушілік болмаған.












           72
            72
   67   68   69   70   71   72   73   74   75   76   77