Page 70 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 70
рымен бейбітшілік орнатуға шешім қабылдады. Әбілқайыр
хан Ресеймен сауданы жөнге салуға үміттеніп, онымен келіс-
сөздер жүргізе бастады.
Аңырақай шайқасынан кейін Әбілқайыр Ресейге елші-
лік жіберуге шешім қабылдады. Қазақ елшілері Ресей пат-
шайымына өтініш берді. Сол өтініште Кіші жүздің халқын
Ресей бағынышына алуды сұрады.
Ресей үшін қазақ жерлерінің қосылуы пайдалы болды, оған
тауарын өткізетін нарық қажет еді. Ресей Қазақстан арқылы
Орта Азия мен бай Үндістанға шыққысы келді.
1731 жылы патшайым Анна Иоанновна Кіші жүз
жерлерін Ресей бағыныштығына қабылдау туралы шешім
қабылдады. Сол жылдан бастап қазақтың батыс жерлері
Ресейдің қарамағына өтті.
Әбілқайыр хан мен тағы жергілікті Кіші жүздің 27 беделді
билеушісі Ресей патшасына адал болуға ант берді. Бұл қазақ
жерлері нің Ресейге қосылуының бастапқысы болды.
Қазақ жерінің шекарасына ресей әскерлері Павлодар,
Петропавл, Орал, Қостанай бекіністерін сала бастады.
Қазақтар осының нәтижесінде Жайық, Есіл, Ертіс өзендер
бойындағы сынды шұрайлы қоныстарынан айрылды.
Қазақ сұлтандары, билері мен батырларының едәуір
бө лігі тәуелсіздіктен айрылуға келіспей, бағыныштылық қа-
былдауға қарсы шықты. Қазақ хандығында алауыздық бас-
талды. Ол бірнеше жеке иелікке бөлінді. Көрші мемлекеттер
осыны пайдаланып, қазақ жерлерін біртіндеп басып ала
берді. Жалпы Қазақ жерінің Ресейге қосылуы барысы өте
ұзақ, 150 жылға жуық уақытты қамтыды.
Солтүстік-шығыс, Оңтүстік-шығыс және Орталық Қазақ-
стан ның негізгі өңірлері әлдеқайда кеш, XIX ғасырдың
ортасына қарай ғана Ресей империясының құрамына кірді.
70
70