Page 65 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 65
АБЫЛАЙ ХАН
Хабардар боласың:
біртуар қайраткер Абылай ханның өмірі жайлы;
Абылай ханның атағын шығарған әрекеттер туралы.
Абылай хан – біртуар мемлекеттік қайраткер, саясаткер,
дипломат, қазақ жерін біріктіруші. Туылған кезде аты Әбіл-
мансұр болған.
Ол Уәли сұлтанның ұлы
болған. Жас кезінде Абы лай
әкесі мен ана сы нан айырылған.
Туған қаласы на жау шапқан
кез де от ба сына адал еңбек
ет кен қызметшісі оны далада
жасырып, құт қарып қалады.
Абы лай өзі нің шыққан тегін жа-
сыра отырып, бір байдың ма-
лын баққан. Ол 15 жасынан
бастап жоңғарлармен ұрысқа
қа ты са бастайды. Көп ұзамай
ер лі гі мен, әскери өнерімен та-
нымал болды. Содан адамдар 39-сурет. А. Дүзелханов
оны батыр деп атай бастады. «Абылай хан»
Шайқастардың бірінде Орта
жүздің ханы Әбілмәмбет жас батырды байқап қалады. Ол
өзінің маңайындағыларға осы жас жауынгер кім екенін, қай
рудан шыққанын білуді бұйыр ды. Сол кезде Абылай өзінің
сұлтанның ұлы екенін мойындайды.
Қазақ хандығының солтүстігіндегі қазақ рулары оны
билеуші болуға шақырады. Сұлтан Абылайдың ордасы
Көкшетау тауының маңында орналасқан.
Абылай XVIII ғасырдың 30 – 40 жылдары жоңғарлармен
болған соғыста ерекше көзге түсті. Жоңғарлар қазақ жерлеріне
65