Page 66 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 66
қайтадан шабуыл жасап, Орталық және Солтүстік Қазақстан
жеріне от қойып, қылышпен жайпап өтеді. Абылай қазақ
жасақтарын басқарды және шайқастардың бірінде жаудың
қолбасшысын өлтірді.
Алайда Абылай жау қолына тұтқынға түсіп қалады. Абылай
тұтқында болған кезінде де өзінің пара сат ты лы ғын көрсете
білді. Ол көптеген жоңғар әскери қолбас шы ларымен және
ақсүйектердің өкілдерімен достасып, бірнеше тіл үйренеді.
Жоңғар хандығы әлсірей бастаған кезде Абылай өз
саясатын жүзеге асырды. Бұрын қазақтар айрылып қалған
Шығыс Қазақстан мен Жетісу жерлерін қайтара бастады.
Қазақтар қысқа мерзім ішінде Ертіс пен Іле бойындағы, Тар-
бағатай мен Алтай тауларына дейін созылып жатқан байтақ
далаға орала алды.
Жоңғар жерін басып алған қытайлар содан кейін қазақ же-
рін жаулап алуды жоспарлайды. Абылай хан қытай әскерінің
Қазақ жеріне басып кіруін тоқтатты. Нәтижесінде Абылай қы-
тайлармен бейбітшілік және сауда туралы келісім жасасады.
Сонымен бірге ол Ресеймен тату көршілік қарым-қатынас
орнатты.
1771 жылы Абылай Ұлы жүздің, Орта жүз руларының
және Кіші жүздің кейбір руларының ханы болып сайланды.
Абылай тәуелсіз саясат ұстанды. Оңтүстікте Абылай хан
соғыс жүргізіп, нәтижесінде Әзірет, Сайрам, Шымкент және
Созақ қалаларын қайта Қазақ хандығының құрамына кіргізді.
Қазақ хандығының басқа елдермен байланысын кеңейту
үшін Ауғанстан мен Түркияға елшілік дайындады.
Абылай хан дарынды күйші ретінде белгілі. Ол қазақ хал-
қының фольклорын жақсы білген және жанымен жақсы көр-
ген. Оның шығарған күйлері: Ақ толқын, Бұлан жігіт, Ду-
ние қалды, Жетім торы, Қайран елім, Қара жорға, Қоржын
қақпай, Майда жел, Садақ қаққан, Сары бура, Шаңды жорық
және басқалары.
66
66