Page 68 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 68

тінде  сақталған.  Қазіргі  таңда  оның  құрметіне  Нұр-Сұлтан,

             Алматы және басқа қалаларда көшелер аталған. 2013 жылы
             Көкшетау қаласында Абылай ханның 300 жылдық тойы кең
             көлемде аталып өтті.


               ?        1. Абылайдың жастық шағы жайлы айтып бер.
                       2. Абылай хан қай жерде жерленген?
                       3. Абылай неліктен өзінің шыққан тегін жасырды?
                       4. Абылай хан қалай билеуші атанды?
                       5. Абылай хан қай жылы біріккен қазақ жүздерінің ханы болып
                         сайланды?
                        6. Қазақ халқының алдында Абылай қандай еңбек сіңірді?
                        7. Абылай хан шығарған күйлерді ата.
                        8. Қазіргі кезде Абылай хан елге сіңірген еңбектері қазақ хал-
                          қының есінде ме? Дәлелде.
                        9. Абылай ханның өмірі.
                          1 нұсқа. Бір оқушы әңгіме жоспарын құрастырады, екіншісі
                          осы жоспар бойынша әңгімелейді.
                          2 нұсқа. Бір оқушы сұрақтар қояды, екіншісі жауап береді.


              Бұл қызық


               Абылайдың  атағы  қазақтар  Аңырақай  шайқасында  жоң-
               ғарларды  жеңгеннен  кейін,  дүркіреп  шықты.  Шайқас  ал-

               дында жоңғар және қазақ әскерлері жиналды. Бірақ шай-
               қас  бірден  басталған  жоқ.  Дәстүр  бойынша  екі  әскердің
               батырлары арасында жекпе-жек болатын. Жоңғарлар ара-
               сынан әйгілі Шарыш жекпе-жекке шықты. Тарихта оны ора-
               сан  зор,  денелі  жауынгер  деп  айтады.  Қазақ  жауынгер-
               лерінің    арасында  абыржушылық  басталды.  Шарышпен

               күресуге ешкімнің батылы бармады. Абылай ержүректігін
               көрсетіп, Шарышпен жекпе-жекке шықты. Абылай ерлікпен
               шайқасып, Шарышты жеңді. Қазақ сарбаздары шабуылды
               бастады. Жоңғарлардың саны қазақ әскерінен басым бол-

               са да, көшбасшысыз қалып, жеңілді.




           68
            68
   63   64   65   66   67   68   69   70   71   72   73