Page 73 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 73

РЕСЕЙ ҚҰРАМЫНДА


            Хабардар боласың:

              XVIII  ғасырдың  ортасындағы  қазақтардың  жағдайы

                жайлы;
              Ресей империясының отаршылық саясаты жайлы;
              Қазақстан аумағының өзгеруі туралы.


            XVIII ғасырдың ортасында айтарлықтай өзгерістер жүрді.
        Жоңғар  хандығы  жойылып,  оның  жері  Қытай  мен  Қазақ

        хандығына бөлінді. Әбілқайыр хан ішкі өзара қақтығыста қа-
        за  тапты.  Ресей  императорларының  Қазақ  хандығына  қа-
        тысты саясаты осы жылдары өзгеріске ұшырады. Ресей қазақ
        жерлерін өз отарына айналдыруға ұмтылады.

            Ресей патшасының жарлығымен қазақтарға Жайық және
        Ертіс  өзендерінің  бойындағы  жайылымдарды  пайдалануға
        тыйым салынды. Қазақ даласында бекіністер мен қорғаныс
































          43-сурет. Н. Каразин «Орта қырғыз-қайсақ ордасының түсіндірмесі.
                                      Патша жарлығы»


                                                                                       73
   68   69   70   71   72   73   74   75   76   77   78