Page 75 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 75
45-сурет. XIX ғасырда Петропавлда өткен жәрмеңкенің фотосуреті
Солтүстік және Орталық Қазақстан жерлері Батыс-Сібір
губер наторлығының құрамына кірді.
Ресейге бағынышты барлық қазақ жерлері патшаға адал
сұлтандардың билігімен бөліктерге бөлінді. Жер-жерлерде
өлкені басқарудың ресейлік жүйесі енгізіліп жатты. Дәстүрлі
қа зақ заңдарының орнына Ресей империясының заңы енгі-
зіле бастады.
Қазақ жерін жаулап алудың маңызды құралы сауда бол-
ды. Бұрын Ұлы Жібек жолы арқылы Қазақстан халқы бүкіл
әлеммен сауда жасай алатын. Енді Ресей сауданы тек өз на-
рықтарымен шектеді. Қазақтардың малы, мал шаруашылығы
өнімдері – тері, жүн арзан сатып алынды. Оның орнына қа-
зақ даласына жоғары бағамен өнеркәсіп тауарлары сатылды.
Сауда жәрмеңкелер арқылы маталар, металл бұйымдар
жеткізілді. Ең танымал жәрмеңкелердің бірі Қоянды жәр-
меңкесі болған.
75