Page 78 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 78
БОСТАНДЫҚ ҮШІН КҮРЕС
Хабардар боласың:
қазақтардың патша саясатына қарсы көтерілісінің
себебі жайлы;
қазақтың соңғы ханы Кенесары жайлы;
қазақ халқының көтерілістегі жетекшілері жайлы.
Қазақ халқы Ресей империясының отаршылдық саяса-
тына қарсы тұрды. Тәуелсіздіктен айрылу, салықтың үнемі
көтерілуі, жайылымдардан айрылу қазақ ақсүйектерінің де,
қарапайым халықтың да наразылығын тудырды.
Ресей патша саясатына қарсы алғашқы көтеріліс-
тер XVIII ғасырдың соңында-ақ тұтанған.
Көтерілісші қазақтардың басында батыр Сырым Датұлы
тұрды. Ол қазақ жерлерінің тәуелсіздігін жақтады.
47-сурет. Сырым Датұлы ескерткіші мен портреті
78
78