Page 77 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 77

?        1. Ресей империясында қазақтардың жағдайы неліктен нашар-
                    лады?
                  2. Отар дегеніміз не?
                  3. XVIII  ғасырдың  ортасында  Ресей  мен  қазақтар  арасын-
                    да болған сауда-саттық жайлы айтып бер.
                  4. Патша жарлығымен қазақтарға қандай тыйым салынды?
                  5. Ресей  империясының  құрамына  енген  жерлерді  картадан
                    көрсет (44-сурет).
                  6. Оқулық мәтінін және «Қызық дерек» мәтінін тағы бір рет оқып
                    шық. Қазақтардың орыстарға не сатқанын айтып бер. Орыс-
                    тар қазақтарға не сатты?
        Бұл қызық



              XVIII ғасырда қазақтармен сауда-саттық негізінде ше-
          кара  маңындағы  бекіністерде  жүрді,  ал  XIX  ғасырда  қа-
          зақтармен  сауда-саттық  қазақ  жерінің  ішкі  аудандарына

          көшті. Ресей көпестері көшпенділерден мал мен мал ша-
          руашылығы өнімдерін сатып алды.
              Қазақтар орыстардан шұға, кенеп, өңделген былғары,

          бөз,  темір,  шай,  қант,  ыдыс-аяқ  сатып  алды.  Малды
          емдейтін дәрілер үлкен сұранысқа ие болды.
              Ресейдің  қазақтармен  сауда-саттығының  отаршылық

          сипаты  қазақтарға  төмен  сапалы  бұйымдар  сатудан
          көрініс тапты. Ресей көпестері арзан өнеркәсіптік бұйым-
          дарды мал шаруашылығының құнды бұйымдарына айыр-
          бастай отырып, жылдам байыды.

              Сауда-саттық айырбас түрінде жүрді. Айырбастық сау-
          дада қазақтардың есебі «тоқтымен» (бір жасар қой) неме-

          се «ісекпен» (семіз қой) есептелді.
              Мысалы, бір қорап сіріңкенің құны бір қой болды. Ал,
          6-7 рубль тұратын самаурын үшін 20–25 қой берген екен.








                                                                                       77
   72   73   74   75   76   77   78   79   80   81   82