Page 62 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 62

Бүгінде біз білетін батырлардың көпшілігі – жоңғар соғыс-

             тарының  батырлары.  Сол  заманды  ғалым  тарихшылар
             әрбір жауынгер бүкіл халық үшін күрескен ерліктің дәуірі деп
             атады. Сондықтан да әртүрлі қазақ руларынан шыққан ерлер
             «батыр» атанды.

                 1711 жылы қазақтар үш жүздің күшін біріктіріп жоңғарлар-
             ға қарсы тойтарыс берді. Жоңғарлар шығысқа шегінді. 1712
             жылы  қазақ  әскерлері  Жоңғар  хандығының  шекарасына
             басып кірді.
                 Бірақ азаттық күресінің алғашқы жетістіктері баянды  бол-
             мады.  Өйткені  Қазақ  хандығында  бірлік  болған  жоқ.  Мұны

             пайдаланған жоңғарлар Қазақ жеріне кенеттен қайта басып
             кірді.
                 Жоңғарлармен күрес күшейе түсті, себебі олар Сырдария
             өңіріне шабуыл жасаған еді. Бұл аймақта үш жүздің қыстау-
             лары мен қазақтардың рухани және саяси астанасы – Түр-

             кістан орналасқан. 1724–1725 жылдары жоңғарлар Түркістан
             мен Ташкентті талқандады. Қазақ хандығы өте қиын жағдайға
             ұшырады.
                 Осы  жылдар  қазақ  халқының  тарихына  Ақтабан  шұ-
             бырынды деген атаумен енді. Қазақтардың бір бөлігі Қазақ
             хандығынан тыс жерлерге қоныс аударды. 1726 жылы қазақ-

             тардың біріккен әскерлері жоңғарларға айтарлықтай жеңіліс
             әкелді.  Бұл  қазақ  халқының  Жоңғар  хандығымен  ұзаққа
             созылған, табанды тайталастағы үлкен жеңісі болды. Жеңіс
             қазақтардың рухын айтарлықтай көтерді.
                 1729  жылдың  көктемінде  жоңғарлармен  қазақ  жасақ-

             тарының қиян-кескі ұрысы – Аңырақай шайқасы орын алды.
                 Шайқасқа үш жүздің әскерлері бірігіп қатысты. Бұл ірі жеңіс
             болды, жоңғарлар басып алған Жетісу жерінен қуылды. Жоң-
             ғарлармен  арадағы  қанды  қырғындарда  қазақ  халқының
             күшімен  Қазақ  хандығының  аумақтық  тұтастығы  сақтап

               қалынды.



            62
           62
   57   58   59   60   61   62   63   64   65   66   67