Page 58 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 58
Соғыстар кезінде батырдың өмірі шайқастар мен жорық-
тарда өтеді, ал бейбіт шақта соғысқа дайындалады. Тарихи
тұлғалар – Қабанбай батыр, Бөгенбай батыр, Жәнібек тархан,
Қарасай батырдың және басқаларының өмірі осылай өткен.
Батырлардың әскери кәсібі ұрпақтан-ұрпаққа, әкеден ба-
лаға беріліп келді. Бірақ «батыр» атағы кез келген жауын-
герге беріле бермейтін. Жас жауынгерге батыр атағы
алғашқы әс кери ерлігінен кейін ғана берілді. Бұл атақ
мұраға қалмай тын еді. Жауларға қарсы күресте батырлар
қазақ жерін басқыншылардан құтқарушы ретінде шешуші
рөл атқарған.
Тап – мұраға берілетін ерекше құқығы бар адамдар тобы.
Хан – ақсүйектердің ішінен халық сайлайтын елдің би-
леушісі.
Сұлтан – қазақтарда жеке рудың билеушісі.
Жүз – белгілі бір аумақты жайлайтын қазақ руларының
бірлестігі.
Елші – мемлекеттің басқа мемлекеттермен қатынас-
тағы мүддесін қорғау қызметі.
? 1. Орта ғасырларда қазақ қоғамы қандай таптардан тұрды?
2. Кімді «ақсүйек» деп атаған?
3. Қазақ хандығында кім билеуші бола алды?
4. Ханды қалай сайлағанын айтып бер.
5. Хандар мен билердің құқықтары мен міндеттерін сипатта.
6. Қазақ қоғамындағы батырлардың рөлі жайлы айтып бер.
7. Қазақ хандығында неше жүз болды? Оларды ата.
8. Әрбір жүз қандай аумақты алып жатты? Картадан көрсет
(30-сурет).
9. Қазақтың әрбір жүздегі белгілі билерін ата.
10. «Билер кеңесі шешім шығару үстінде» суретке қарап, әңгіме
құрастыр (32 сурет).
58
58