Page 55 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 55

ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ



            Хабардар боласың:

              ақсүйек және қарасүйек дегендер кім;
              қазақтың ұлы батырлары туралы.


            Орта ғасырларда қазақ қоғамы мынадай екі негізгі таптар-
        дан тұрды: ақсүйек және қарасүйек.
            Шыңғысханның  ұрпақтары  –  ең  жоғарғы  тапқа  жататын.

        Олар «ақсүйек» немесе «төре» деп аталды. Тек төрелер ғана
        қазақтың билеушісі бола алды. Олардың ортасынан хандар
        және сұлтандар шықты.

            Мемлекет ішінде бірнеше хан болуы мүмкін, бірақ олардың
        бірі басты болып саналды. Хан лауазымына кез келген адам
        қол  жеткізе  алмады.  Оны  тек  Шыңғысханның  ұрпақтары
        ара сынан  құрылтайда  сайлады.  Құрылтайға  атақты  билер

        мен  батырлар  қатысты.  Қазақ  хандығында  келесі  дәстүр
        қалыптасқан.  Ақ  киіз  әкелініп,  жерге  жайылады,  атақты

        адамдар арасынан шыққан өкілдер киіздің төрт ұшын ұстап,
        оған  жаңа  ханды  отырғызып  алып  көтереді.  Осыдан  кейін
        «хан сайланды» деп саналады.
            «Қарасүйек»  құрамына  жүздер  мен  руларға  бөлінген

        барлық  басқа  тұрғындар  кірді.  Ол  кезде  аумақтық  белгі
        бойынша барлық қазақ рулары үш жүздің құрамына кірген.
        Олар: Ұлы жүз, Орта жүз және Кіші жүз.

            Ұлы жүз – Оңтүстік Қазақстан аумағы мен Жетісуды; Орта
        жүз – Солтүстік, Орталық және Шығыс Қазақстанды, Кіші жүз
        – Батыс Қазақстанды мекендеген.
            Қазақ  қоғамында  билер  мен  батырлар  маңызды  рөл

        атқарған.  Билер  қадірлілігі,  шешендігі,  заңды  білуі  және
        халық  арасындағы  беделінің  арқасында  қазы  ата нып,

        шешім  шығарған.  Хан  өз  еркімен  биді  тағайындай  да  ал-


                                                                                       55
   50   51   52   53   54   55   56   57   58   59   60