Page 56 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 56
30-сурет. Қазақ хандығының үш жүзі
майтын, лауазымынан айыра да алмайтын. Кейбір билер тек
төрешілер ғана емес, сонымен бірге өз руларындағы билеу-
шілер және хандардың кеңесшілері болды. Көбінесе олар-
дың даңқы қазақ даласынан әлдеқайда асып түсетін.
Хандар билерді елші ретінде пайдаланып, оларды көрші ел-
дерге тапсырмамен жіберетін. Қазақтың ең танымал билері
Ұлы жүзде – Төле би, Орта жүзде – Қазыбек би және Кіші
жүзде – Әйтеке би.
Осы кезеңде қазақ қоғамындағы батырлардың рөлі ны-
ғайды. Көшпелі қоғамда әрбір адам жауынгер болған. Бі рақ
әрбір жауынгер батыр болған жоқ. Қазақ батырлары ерек ше
ережелерді ұстанды. Олардың өз өмір салты, өздерінің әс-
кери этикасы бар еді. Тек батырларда ғана әлеуметтік қыз-
56
56