Page 60 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 60

Қазақ билеушісі Жәңгір хан шағын ғана сарбаздарымен

             Орбұлақ  өңіріне  аттанды.  Оның  әскері  тек  мылтықпен
             қаруланған 600 жауынгерден тұрды. Оған жоңғарлардың 50
             мыңдық әскері жақындап келеді. Жәңгір екі таудың арасына

             ор  қазып,  бекініс  құрды.  Жауынгерлер  жауды  мылтықтың
             оғымен  қарсы  алды.  Жоңғарлар  көптеген  жауынгерінен
             айырылғанымен, қазақ сарбаздарының күші де әлсіреді. Осы
             кезде қазақтарға Жалаңтөс батыр жинаған 20 мың әскерімен

             көмекке  келді.  Ойсырай  жеңілген  жоңғарлар  қазақ  жерінен
             шегінуге мәжбүр болды.
                 1993  жылы  Орбұлақ  шайқасы  болған  орынға  қазақ

             сарбаздарының  ерлігінің  құрметіне  естелік  монумент  орна-
             тылды.
                                                     Жекелеген  жеңістерге  қара-
                                                 мастан,  XVII  ғасырдың  аяғы  –

                                                 XVIII ғасырдың басында жоңғар-
                                                 лар  Қазақстанның  шығысы  мен
                                                 оңтүстігіндегі  көптеген  жерлерді

                                                 жаулап  алды.  Екінші  жағынан
                                                 Ресей империясы күшейе түсті.
                                                 Тәуке  хан  мен  оның  мұрагер-

                                                 лерінің  мемлекет  пен  қазақ
                                                 хал қын  қалай  сақтау  керек   де-
                                                 ген  күрделі  мәселені  шешуіне
                                                 тура келді.

                                                     XVII  ғасырдың  80  жылдарын-
                                                 дағы қазақтардың жоңғарлармен
                                                 соғысы аса ауыр болды. Жоңғар

                                                 әскерлері керуен жолдары өтетін
                                                 бай  қалаларға  шабуыл  жаса-
                                                 ды. Жоңғарлардан тек Түр кіс тан
               34-сурет. Орбұлақ шайқасы
                болған жердегі монумент          қаласы  сақталып  қалды,  өйткені


            60
           60
   55   56   57   58   59   60   61   62   63   64   65