Page 52 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 52
Ресей мемлекетімен қарым-қатынастың негізі қаланды.
Қасым ханның тұсында қазақтар Батыс Еуропада танымал
болды. Оның заманында қазақтардың «Қасым ханның қасқа
жолы» атты заңдар жинағы қабылданды.
Қасым хан қайтыс болғаннан кейін оның ұлы Хақ-Назар
хан билігі кезінде Қазақ хандығының шекарасы белгі ленді.
Шекара батыста Еділден бастап шығыста Ертіске дейінгі
аумақты алып жатты. Хақ-Назар билігі кезінде сауда, эконо-
мика, мәдениет көтерілуі жүрді.
1580 жылдан кейін хандық билікке Хақ-Назардың жиені
Тәуекел отырды. Тәуекел Сырдария алқабының қалалары
үшін Орта Азия билеушілерімен соғыс жүргізді. Ол Қазақ
хандығына Түркістан, Ташкент және Ферғана алқабының
қалаларын қосты.
Тәуекелдің билігі Ресейдің күшеюімен тұспа-тұс келді. Бұл
мемлекет белсенді сыртқы саясат жүргізіп, ыдыраған Ұлы
Ұлыстың бөліктеріне қарсы жаулап алу жорықтарын жүргіз-
ді. Ресей мемлекеті Қазан, Астрахан және Сібір хандықтарын
қосып, оның шекарасы Қазақ хандығымен шектесті. Қазақ
хандығы Мәскеумен, Үндістанмен, Иранмен және басқа да
бірқатар мемлекеттермен қарым-қатынас орнатты.
Қазақ хандығының аумақтық тұтастығын нығайтуға
үлкен үлес қосқан келесі қазақ ханы Есім хан болды.
Ол ел ішіндегі өзара соғыстарды баса білді және сыртқы
жаулардың шабуылына да сәтті жауап қайтарды. Есім хан
тұсында Қазақ хандығы қуатты мемлекетке айналды. Ха лық
арасында оны «Еңсегей бойлы Ер Есім» деп атаған. «Есім
ханның ескі жолы» атты заңдар жинағының жасалуы оның
есімімен байланысты.
Қазақ хандығының одан әрі нығаюы Тәуке-хан басқар ған
кезде жүреді. Ол Қазақ хандығының гүлденуіне үлкен үлес
қосты. Тәуке хан көреген басшы болған.
52
52