Page 47 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 47
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ
Хабардар боласың:
Қазақ хандығы қалай құрылған;
Қазақ хандығы құрылуындағы алғашқы қазақ хандары
Керей мен Жәнібектің рөлі жайлы;
Қазақ хандығы қандай аумақта орналасқаны туралы.
XV ғасырда қуатты Ұлы Ұлыс өзара соғыстардың салда-
рынан ыдырай бастағанын білесіңдер. Ұлы Ұлыстың соңғы
билеушісі Әбілқайыр хан көшпелі рулардың мүддесін еле-
меді, ұланғайыр аумақта жалғыз билік етуге тырысты. Сол
себептен мемлекеттің барлық бөліктерінде көтерілістер бас
көтерді.
Әбілқайыр ханның қарсыластарының бірі Сырдария өзе-
нінің аңғарында билік еткен Керей мен Жәнібек сұлтандар
болды. Керей мен Жәнібек ұзақ уақыт бойы Әбілқайыр ханның
қолбасшысы болған еді. Бірақ қысымшылық салдарынан
көтеріліске шықты. Өздерін қолдаған ауылдармен бірге олар
Қазақстанның оңтүстік-шығыс жағына қоныс аударды. Шу
мен Қозыбасы өзендерінің аңғарына қоныстанды.
Көптеген көшпелі халықтар бүлікші сұлтандарға қосыла
бастады. Сұлтандардың халық мүддесіне құлақ асуға уәде
бергені көпшіліктің көңілінен шықты. Олар Ұлы Ұлысты
қалпына келтіруды қаламады, дана билердің кеңесі бойынша
билік етуге уәде берді. Халық арасында Керей мен Жәнібекке
қазақ деген ат берілді. Әбілқайыр ханның билігінен бас
тартып, сұлтандарға қосылғандарды да осылай атады.
1465 жылы халық Керейді хан деп жариялайды. Жәнібек
оның кеңесшісі болды. Жаңа хандық пайда болып, оны
Қазақ хандығы деп атады. Оның айырмашылығы ханның
Ұлы Ұлыстағыдай мұрагерлікпен емес, сайлау нәтижесінде
билікке келуі. Хандарды Шыңғысхан ұрпақтары ішінен
құрылтайда таңдаған. Мемлекетті басқаруда көшпелі ру-
лардың ең құрметті өкілдері Билер кеңесіне кірген. Билер
47