Page 48 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 48
26-сурет. Астанадағы Керей мен Жәнібек хандардың ескерткіші
кеңесі бойынша қоныс аудару орны мен уақыты белгіленді,
тайпалар арасындағы даулар шешілді.
Әбілқайыр хан бүлікшіл қазақтарды жазалағысы келді,
бірақ әскери жорық кезінде қайтыс болды. Оның ұлдары
билікті ұстап тұра алмады. Керей мен Жәнібек туған даласына
салтанатты түрде оралды. Әбілқайыр ханның иелігі үш бөлікке
бөлінді, атап айтқанда – Қазақ хандығы, Сібір хандығы және
Ноғай ұлысы. Барлық үш мемлекетте бір тілде сөйлейтін
біртұтас халық мекендеді. Бұл халық кейінірек қазақ деп
атала бастады. Қазақ – түркі тілдерінде сарбаз, азат, еркін
деген мағына ны білдіреді.
Қазақ халқының негізін Ұлы Ұлыстың жерінде мекен деген
көптеген тайпалар құрды. Олар Ежелгі уақыттан Қазақстан
аумағында тұрған үйсіндер, қаңлылар, ғұндар, түр кілер,
қыпшақтар, арғындар, дулаттардың ұрпақтары. Сонымен
қатар най мандар, керейлер, қоңыраттар, жалайырлар және
бас қа да көптеген рулар қазақ халқының негізін құрды. Қазақ
хандығының құрылуы мен нығаюы заңды үдеріске айналды.
48
48