Page 49 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 49

Керей  мен  Жәнібектің  билігі  нығая  түсті.  Билер  сот та-

        ры,  салық  жүйесі,  мемлекеттің  шекаралары  сияқты  көш-
        пелі  мемлекеттіліктің  белгілері  пайда  болды.  Қазақ  ханды-
        ғының халқы жаңа азаматтар есебінен көбейді, біртіндеп оған
        Сібір  хандығы  мен  Ноғай  Ұлысының  туыс  рулары  қосылды.
        Керей мен Жәнібек барлық қазақтарды бір мемлекетте бірік-
        тіру үшін күрес жүргізді.


           Қазақ – Қазақ хандығының негізгі халқы. Түркі тілдерінде
           сарбаз, азат, еркін деген мағынаны білдіреді.



          ?        1. Ұлы Ұлыс қай ғасырда ыдырай бастады?
                  2. Ұлы Ұлыстың соңғы билеушісі кім болды?
                  3. Ұлы Ұлыстың барлық бөліктерінде неліктен көтеріліс бас-
                    талды?
                  4. Көшпелі халықтар неліктен көтерілісшіл сұлтандарға қосы-
                    ла бастады?
                  5. Барлық қазақтардың бірегей мемлекетке бірігуі үшін күрес
                    жүргізген кім?
                  6. Қазақ хандығының қалыптасуында Керей мен Жәнібек қан-
                    дай рөл атқарғанын айтып бер.
                  7. Қазақ хандығы қай жылы құрылды?
                  8. Билер кеңесінің қандай рөл ойнағанынан айтып бер.
                    9. Қалай ойлайсың билер кеңесінің құрамына кім кірді?
                  10. Қазақ хандығының құрамына кірген тайпаларды ата.

         Бұл қызық

              Н.Ә.  Назарбаев  Қазақ  хандығының  пайда  болуы
          туралы  былай  деді:  «Керей  мен  Жәнібек  1465  жылы
          алғашқы  хандықты  құрды,  қазақтардың  мемлекеттілігі
          сол  кезден  бастау  алады.  Сол  кезде  негіздің  қаланғаны
          маңызды,  біз  –  ата-бабаларымыздың  ұлы  істерінің
          жалғас тырушыларымыз. Бүгінде біздің еліміз барлық таяу

          мемлекеттермен  көпғасырлық  достық  және  тату  көрші-
          лестік дәстүрлерін сақтап отырмыз. Біз бұл қатынастарды
          әрдайым сақтауымыз керек».



                                                                                       49
   44   45   46   47   48   49   50   51   52   53   54