Page 44 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 44

жерін қол астында біріктіре алды. Алайда бұл әрекет сәтсіз

             болды. Өйткені оның билігіне қарсы көтерілістер басталды.
                 1465 жылы оның иелігі үш бөлікке бөлінді. Әбілқайыр хан
             мемлекетінің ыдырауы нәтижесінде солтүстігінде Сібір хан-

             дығы  пайда  болды.  Батыста  Ноғай  Ұлысы  құрылды.  Оң-
             түстікте Қазақ хандығы пайда болды. Барлық үш мемлекетте
             бір  тілде  сөйлейтін  біртұтас  халық  мекендеді.  Бұл  халық
             кейінірек қазақтар деп атала бастады.
                 Сібір хандығы қазіргі батыс Сібір мен Солтүстік Қазақстан

             аумағын алып жатты. Оның астанасы Искер қаласы қазіргі
             Тобылға жақын жерде орналасты.
                 Хандықтың негізгі халқын көшпелі қазақ тайпалары құрды.

             Олар Тобыл, Есіл және Ертіс бойындағы кең-байтақ даланы
             мекендеді.  Хандықтың  құрамына  одан  басқа  башқұрттар,
             ханты және мансилер де кірді.






































                                  24-сурет. Ұлы Ұлыстың ыдырауы


            44
           44
   39   40   41   42   43   44   45   46   47   48   49