Page 40 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 40
23-сурет. Бозоқ қаласы. Реконструкция
Сауда жолдарының бойында Қазақстанның ежелгі жә-
не ортағасырлық қалалары – Тараз, Түркістан, Отырар,
Сайрам, Сауран, Сығанақ тіршілігін жалғастырды. Жаңа
қалалар бой көтерді. Оның бірі Бозоқ қаласы. Бозоқ қазіргі
Нұр-Сұлтан қаласының аумағында орналасқан екен.
Ұлы Ұлыстың негізгі халқы көшпелі өмір салтын ұстан-
ғанына қарамастан, далада көптеген жаңа қалалар салын-
ды. Сарай Бату, Сарай әл-Жәдид, Сарайшық қалаларының
негізі қаланды.
Сарай Бату қаласын 1250 жылы Еділ өзенінде Бату хан
құрған. Бату хан Жошының ұлы, Шыңғысханның немересі
еді. Сарай Бату Ұлы Ұлыстың астанасы болды. Бастап қыда
көшпенділер үшін әдеттегі орда салынды, онда жылдар өткен
соң жаңа ғимараттар мен құрылыстар бой көтерді.
40
40