Page 35 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 35
құрады. Моңғолдар аз болды, олар түркі тілін жылдам үйре-
ніп алды. Түркі тілі мемлекеттік тілге айналды.
Алтын Орданы Шыңғыс ханның ұрпақтары – төрелер
биледі. Билеушілер хан атағын алды, толық билікке ие болды.
Хан тек жоғарғы билеуші ғана емес, сонымен бірге әскери
қолбасшы болған.
Мемлекеттің саяси өмірінде құрылтай үлкен рөл атқарды.
Жошы Ұлысы батыста Оң қанат, шығыста Сол қанат болып
екі қанатқа бөлінді. Олардың арасындағы шекара Жайық өзені
арқылы өтті. Әр Қанат өз ішінде ұлыстар мен түмендерден
тұратын. Әр түменге соғыс кезінде 10 мың жауынгер жинай
алатын халық кірді. Алтын Орданың әскері ұзақ уақыт бойы
Еуразия көлеміндегі ең мықты әскер болып келді. Барлық
көршілес мемлекеттер одан қорқатын еді.
19-сурет. Жошы кесенесі
35