Page 34 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 34

ҰЛЫ ҰЛЫС


                 Хабардар боласың:
                   Ұлы Ұлыстың әртүрлі атаулары туралы;
                   Ұлы Ұлыс мемлекетінің құрылымы туралы;

                   «Ұлы Жасақ» дегеніміз не екендігі туралы.

                 Шыңғыс хан мен оның ұрпақтарының басқыншылық жо-
             рықтарының нәтижесінде Қазақстан аумағы Ұлы Моңғол ұлы-
             сының құрамына кірді. Шыңғыс хан қайтыс болғаннан кейін
             оның империясы төрт ұлысқа бөлінді. Қазақстанның бүкіл
             солтүстік және орталық аумағы Шыңғыс ханның үлкен ұлы

             Жошының Ұлысына кірді. Тарихта оны Алтын Орда неме-
             се Ұлы Ұлыс деп те атай ды. Осы ұлыстың тұңғыш билеушісі
             Жошы ханның кесенесі Орталық Қазақстандағы Ұлытау тау-
             ларында орналасқан.

                 1269 жылы Жошының Ұлы Ұлысы Моңғол Ұлысынан бө-
             лініп, тәуелсіз мемлекет атанды. Ол көп тайпалы мемлекет
             болды. Оның негізін түркі халықтары, ең алдымен қыпшақтар
































                                        18-сурет. Жошы Ұлысы


           34
            34
   29   30   31   32   33   34   35   36   37   38   39