Page 33 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 33
1227 жылдың аяғында Шыңғыс хан қайтыс болды. Бірақ
соғыс аяқталған жоқ. Оны Шыңғыс ханның мұрагерлері жал-
ғастырды.
Шабуыл – елді мекеннің ішіне кіру мақсатында оның
бекінісіне шабуыл жасау, қопару, астынан қазу.
Қоршау – елді мекенді қамауға алу және шабуылдау.
? 1. Монғолдар шапқыншылығына дейін Отырардың немен аты
шыққанын ата.
2. Отырар қаласы билеушісінің аты кім?
3. Шыңғыс хан Отырарға шабуыл жасар алдында қандай әре-
кетке барды?
4. Моңғолдар қаланы қалай басып алды?
5. Араб тарихшысының «күн мен түн жаралғаннан бері» деген
сөзін түсіндір.
6. Т. Тілеужановтың суретіне қара. Отырардың қорғануы мен
күйреуі жайлы айтып бер (17-сурет).
Бұл қызық
Араб дереккөздерінде Отырар қаласы Фараб деп атал-
ған. Қаланың қираған үйінділері Қазақстан аумағының
оңтүстігінде орналасқан. Ол қазіргі Түркістан қаласының
қасында.
Тағы бір шығыс қолбасшысы Әмір Темірдің есімі
де Отырармен байланысты. Әмір Темірдің бұйрығымен
Отырар маңында мұсылманның ұлы әулиесі – Мұхаммед
пайғамбардың үзеңгілесі құрметіне Арыстан бабаның ке-
сенесі салынды.
33