Page 38 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 38
Керуен-сарай – сауда керуендеріне арналған үлкен үй-
жай, тұрақ. Ол жолаушылар тұратын бөлмелер, атқо-
ралар, арнайы құрылған суаттардан тұрды.
? 1. Тарихта Ұлы Ұлыс тағы қалай аталады?
2. Алтын Орданың билеушілері қандай атақ алды?
3. Төрелер деп кімді атайды?
4. Ұлы Ұлыстың астанасын ата және картадан тап (18-сурет).
5. Керуен сарай дегеніміз не? Мәтіннен тауып, сипаттамасын
оқы.
6. Ұлы Ұлыс Қазақстан тарихында қандай маңызға ие болды?
7. Шыңғысхан жасаған ортақ заңдар жинағы қалай аталады?
8. «Ұлы Жасақтың» кейбір ережелерін оқы және түсіндір.
Ұлы Жасақтың үзінділері
1. Құрылтай шешімі болмаса, өзін патша деп жариялауға өлім
жазасымен тыйым салынады.
2. Жаттығу үшін әскерлер әр қыс сайын көлемді түрде аң ау-
лауды ұйымдастыруы керек, ол үшін наурыз айынан қазан айына
дейін бұғы, елік және басқа да ашатұяқтылардың еркектерін, сон-
дай-ақ қояндарды, жабайы есектер мен құстарды өлтіруге тый-
ым салынады.
3. Су қоймаларында кір жууға және шомылуға немесе оларды
қандай да бір жолмен ластауға өлім жазасымен тыйым салынады.
(Х. А. Лэмбаның кітап бойынша аудармасы)
Бұл қызық
Ұлы Жасақ – бұл Шыңғыс ханның Заңы. Бұл моңғолдар-
дың өмір сүруі және соғыс кезінде қолданатын Заңы еді.
Ортақ Заң кез-келген халықты біріктіреді. Ол мадақтауға
тұрарлық және соғыс жүргізу туралы ережелерден тұ-
рады. Оның ішіне ерлік, қылмыс, отбасы және тыйым дар
кіреді. Ұлы Жасақ мемлекет пен әскерді тез және тиімді
басқаруға мүмкіндік берді.
38
38