Page 41 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 41
Сарайшықтың пайда болуын XIII ғасырдың ортасына
жатқызады. Ол Бату хан тұсында қазіргі Атырауға жақын
Жайық өзенінің төменгі ағысында пайда болған деп саналады.
Сарайшық арқылы Еуропадан Азияға керуен жолы өткен.
Қала ірі сауда орталықтарының біріне айналды.
Қаланың сәулеті әдемі, бай ғана емес, сонымен қатар
дамыған. Саяхатшылардың бізге жеткен жазбаларында хан
сарайы, мешіттердің әсемдігі, көптеген қонақ үйлер, сумен
жабдықтау және кәріз жүйесі туралы айтылады. Қала ХІV ға-
сырдың аяғына дейін өркендеді.
Сарай әл-Жәдид қаласының негізін Бату ханның мұрагері
Берке хан қалады. XIV ғасырдың бірінші жартысында Ұлы
Ұлыстың астанасы осында көшірілді.
Ұлы Ұлыстың қалаларының қалдықтары болып табы-
латын орындарды зерттеу кезінде зерттеушілер әрқашан
мешіттер, хаммам моншалар, кесенелер, су құбыры мен кә-
різі бар тұрғын аудандардың кездесетінін атап өтті. Жалпы
Ұлы Ұлыстың аумағында 100-ден астам үлкен және кіші қа-
лалар орналасқан. Ұлы Ұлыс қалалары халықаралық сауда
орталықтары болды. Қалалардың өсуі Ұлы Ұлыстың саяси
және экономикалық құрылымының аса дамуын көрсетеді.
Сарай Бату – аударғанда Бату ханның сарайы, Ұлы
Ұлыстың алғашқы астанасы, ХІІІ–ХІV ғасырдағы ірі сауда
орталығы.
Сарайшық – Кіші сарай мағынасын білдіреді, Ұлы
Ұлыстың екінші астанасы.
Сарай әл-Жәдид – Жаңа сарай, ХІV ғасырдан бастап
Ұлы Ұлыстың астанасы.
? 1. Ұлы Ұлыстың бірінші және екінші астанасын ата.
2. Ұлы Ұлыс заманында негізі қаланған қалаларды ата.
3. Осы қалалардың сәулеті жайлы айтып бер.
41