Page 36 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 36

20-сурет. Кұрылтай

                 Ұлыста  ортақ  заңдар  қабылданды.  Ол  Шыңғысханның
             «Ұлы Жасағы» деп аталды. Қазылардың шешімдері арнайы
             кітаптарға  жазылды.  Тарихтағы  алғашқы  халық  санақтары
             жүргізілді. Ұлыс хандары салықтар мен сауда баждарын жи-
             науды ретке келтірді. Пошта қызметі құрылды. Бұл сауданың
             өсуіне және Ұлы Жібек жолының жаңадан гүлденуіне себеп
             болды.  Керуен  жолдарының  бойында  керуен  сарайлар

             салынды. Оның ішінде саяхатшыларға арналған баспана, ар-
             найы ұйымдастырылған суару орындары мен атқора болған.
                 Жау лар дан қорғану үшін қалалар биік бекініс қабырғала-
             ры мен  қор шалған.  Қалалар  маңында  тіршілік  қызу  жүріп
             жатты. Қол өнершілер мен көшпенділер өздерінің өнімдерін
             қажетті тауарларға айырбастау мақсатында осында ағылып
             келген.
                 Ұлы Ұлыстың билеушілері жаулап алынған халықтардың
             мәдениет саласындағы жетістіктерін үйренді. Олар діндерге

             төзімді  болды.  Өнер,  әдебиет,  сәулет  өнері  дами  бастады.
             Ұлыстың  ас танасы  Сарай  әл-Жәдидте  түрлі  халықтар  мен
             діндердің өкілдері бейбіт өмір сүрді.


           36
            36
   31   32   33   34   35   36   37   38   39   40   41