Page 31 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 31
17-сурет. Т. Тілеужанов «Отырар шайқасы»
шеберханалар, ұстаханалар, базарлар мен моншалар
орналасқан. Отырарда ғалымдар, музыканттар, зергерлер
мен қолөнершілер өмір сүрген. Мұнда ұлы ғалым Әбу Насыр
әл Фараби дүниеге келді. Оны атақты Отырар кітапханасы-
ның негізін қалаушы деп санайды.
Отырар билеушісі Қайыр хан Шыңғыс хан көпес ретінде
өз тыңшыларын жібергенін түсінді. Оларды өлтіруді бұйырды.
Бұған жауап ретінде Шыңғыс хан соғыс жариялады. 150
мың моңғол әскері Қазақстан аумағына басып кірді. Шыңғыс
хан өзінің ұлы Жошы бастаған әскердің бір бөлігін Сырдария
өзенінен төменге қарай жібереді. Ал өзі негізгі күштермен
бірге Бұқараға шабуыл жасады. Ұлдары Шағатай мен Үге-
дей бастаған бірнеше түменді Отырар қаласын қоршауға
алуға аттандырды.
Отырардың қорғануы алты айға созылды. Жауынгерлер-
мен бірге барлық тұрғындар қаланы қорғауға қатысты, тіпті
қарттар мен балалар да шайқасты.
Моңғолдар қаланы қамтамасыз ететін су көзін тауып, оны
жауып тастады. Қала сусыз қалды. 5 ай дегенде Отырарда
31