Page 28 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 28
1213 жылы ол Қытай жеріне басып кірді. Шыңғыс хан мен
оның әскерінің жүріп өткен жолында кейбір қытай әскерлері
оған шайқассыз берілді. Кейбіреулері тіпті оның жағына өтіп
те жатты. 1213 жылдың күзіне қарай моңғол билеушісі бүкіл
Ұлы Қытай қорғаны бойында өз ұстанымын нығайтты. Содан
кейін ол ұлдары мен ағалары басқарған үш қуатты әскерді
Қытай империясының әртүрлі аймақтарына жіберді. 1214
жылы моңғолдар Қытайдың астанасын Пекинді алды.
14-сурет. Т. Тілеужанов «Пекинді бағындыру»
Шыңғыс хан жақын жатқан көршілерімен болған шайқаста
же тістікке жетті. Содан кейін ол Орта Азияға, әсіресе құнарлы
Жетісуға қызығушылық танытты. Шыңғыс ханның әскері
Батысқа қарай бет алып, Орта Азия мен Персияны жаулап
алды, орыс елдерінің оңтүстігіне жетті.
Шыңғыс хан қысқа уақыт ішінде түркі және моңғол тайпа-
ларын қол астына жинап, жаңа мемлекет – Шыңғыс хан
империясын құрды. Тарихшылар оны Ұлы Моңғол Ұлысы
деп атады.
28
28