Page 24 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 24

Осы  кезеңде  қалалар  салынды,  мәдениет,  жазу  дамы-

             ды. Ерте орта ғасырлар кезеңінде Орта Азияда ислам тара-
             ла бастады.


                    Түріктер – ерте орта ғасырларда Қазақстан аумағын-

                да біріккен және өмір сүрген тайпалар одағы.
                    Қаған – хандардың ханы – ғұн дәуірінен кейінгі көш-
                пенділердің билеушілерінің ең жоғары атағы.
                    Қағанат  –  қағанның  иелігі  –  бір  қағанға  бағынышты
                болған жерлер мен халықтар.
                    Ислам  –  Мұхаммед  пайғамбар  негізін  қалаған  араб

                тайпаларында пайда болған мұсылман діні. Мұсылман-
                дардың киелі кітабы – Құран.



               ?        1. Картадан Ұлы Жібек жолын және жолында орналасқан қа-
                         лаларды көрсет. (9-сурет).
                       2. Сенің ойыңша, неліктен керуен жолы «Жібек жолы» деп ата-
                         лады? Осы жол туралы  әңгіме құрастыр.
                       3. Түрік қағанатындағы жоғарғы билеуші қалай аталды?
                       4. Мәтіннен тауып, Бумын қаған туралы оқып бер.
                       5. Картадан Ұлы Түрік қағанатының аумағын көрсет (8-сурет).
                       6. Сөйлемдерді жалғастырып жаз.
                          Солтүстік Қазақстанда ... мал шаруашылығы, ал оңтүс-
                         тік те – ... және ... мал шаруашылығы дамыды.
                         Анықтамалық  сөздер:  көшпелі,  отырықшы,  жартылай
                         отырықшы.
                        7. Қағанат тұрғындары қандай жануарларды өсірді?
                          Тізімнен таңда және жаз: Пілдер, түйелер, жылқылар, та-
                         уықтар, қойлар.

















           24
            24
   19   20   21   22   23   24   25   26   27   28   29