Page 19 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 19
да үнемі соғыс жүріп жатты. Әсіресе ғұн тайпаларымен ауыр
соғыстар болды. Жойқын соғыстардан кейін үйсіндер мен
қаңлылар біраз уақыт өмір сүріп, соңында басқа мемлекет-
тердің құрамына кірді.
Қазақстан аумағындағы ежелгі дәуірдің тағы бір ірі тайпа-
лық одағы – Ғұндар болатын. Оны б.д.д. ІІІ ғасырда Мөде
хан құрған. Ол өз билігі астында үлкен дала аумақтарын
біріктіре алды.
Ғұндардың жауынгерлік құдіреті өте мықты болды. Мөде
жауларда қорқыныш сезімін тудырған үлкен және күшті әскер
жинады. Ғұндар соғыстарды үздіксіз жүргізген, сондықтан
соғысқа дайындыққа ерекше көңіл бөлген, қаруды өздері
жасап шығарған. Ғұндар көрші халықтарға үнемі шабуыл
жасап, олардың аумағын жаулап алатын, малдарын айдап
әкететін. Ерлер мен әйелдерді құлдыққа алатын. Олардан
айналадағы барлық тайпалар мен халықтар қорқатын еді.
Мысалы, Ұлы Қытай қорғаны ғұн әскерінен қорғану үшін
салынған.
Уақыт өте келе ғұндар екіге бөлінді: солтүстік және оңтүс-
тік. Оңтүстік ғұндар Қытай империясына қосылды. Солтүстік
ғұндар Орта Азия, Кавказ және Еуропа жерлерін жаулап
алуға аттанды. Сол аумақтарда мекен еткен тайпалар ғұн-
дардан Батысқа қарай қашуға мәжбүр болды немесе олар
ғұн әскеріне қосылып, жаңа жерлерді жаулап алу үшін Ба-
тысқа қарай бағыт алды.
Осылайша, тарихта Шығыстан Батысқа қарай көптіл-
ді тайпалар мен халықтардың орасан зор қозғалысы орын
алды. Бұл қозғалыс Халықтардың ұлы қоныс аударуы деп
аталды.
Ғұндардың Батысқа қарай ерекше маңызды қозғалысы
Еділ қаған билік еткен кезінде болды. Еуропада оны Аттила
19