Page 22 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 22
Алғашқы қаған болып Бумын атанды. Ол батыл, ақылды
және көреген басшы болды. Ол өз халқын жаулардың қа-
рақшылық шабуылдарынан қорғау үшін әскер жинады. Уақыт
өте келе Бумын көрші тайпаларды жаулап ала бастады.
Жау лап алынған тайпалар Түркі мемлекетінің құрамына кір-
ді. Осылайша 30-дан астам түркітілдес тайпалар қосылды.
Олардың ішінде оғыздар, ұйғырлар, дулулар, үйсіндер бар.
Түрік қағандары үлкен империя құрды. 580 жылға қарай
Ұлы Түрік қағанаты құрылды. Бұл Қиыр Шығыстан бастап
Қара теңізге дейінгі үлкен көшпелі империя болды. Ұлы Түрік
қағанаты – Еуразиядағы халықтарды біріктірген алғашқы ірі
мемлекет. Олардың бір тілі, бір мәдениеті және бір өмір сүру
салты болды. Қазіргі уақыттың өзінде де көптеген түркі ха-
лықтары бір-бірін еш қиындықсыз түсінеді.
Ежелгі түркілердің өз жазуы бар болған. Ол ежелгі бел-
гілерге негізделген 40 таңбадан тұрды. Түрік қағанатында
іс қағаздарын жүргізу, жарлықтар шығару, басқа мемлекет-
тердің билеушілерімен хат алмасу жүргізілді. Түріктер сауда
жүргізіп, Қытай, Византия, Иран сияқты мемлекеттерге ел-
шілік жіберген.
Түріктер Орта Азия мен Шығыста сауда қауіпсіздігін қам-
тамасыз етті. Тауарлар салынған керуендер Еуропадан Қы-
тайға және кері қарай жол жүрді. Қытайдан сол кезде өте
сирек кездесетін мата – жібек тасымалданған. Нәтижесінде,
Ұлы Жібек жолы пайда болды. Осы керуен жолының бойын-
да – Испиджаб, Отырар, Түркістан қалалары пайда болып,
дами бастады.
VII ғасырдың басында Түрік қағанаты – Шығыс және Ба-
тыс болып екіге бөлініп кетті. Қазақстан аумағында Батыс
Түрік қағанаты орналасқан. Бірте-бірте ол да ыдырай баста-
ды. Оның жерінде жекелеген түркі тайпалары Түргеш, Қар-
лұқ, Оғыз, Қимақ және Қыпшақтар орнын басты. Бұл ерте
орта ғасырлар кезеңі еді.
22
22