Page 27 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 27
Тіпті бекіністі ірі қалалар да моңғол әскерінің кү шіне
қарсы тұра алмады. Моңғолдар қорған бұзатын маши-
наларды қолданып, оның көмегімен ең мықты қабырға ларды
қиратқан.
Моңғол жауынгерлері өте төзімді еді. Олар көп күндік
жүріске, ыстыққа, аязға және шөлге шыдаммен төтеп берді.
Әрбір моңғол сарбазының жанында қашанда балта, жебе мен
садақ, арқан жүрген. Ерекше көзге түскен жауынгерлерде қы-
лыш пен найза болған. Жебеден қорғану үшін олар қалқан
тоқып, оны терімен қаптаған. Одан қорғаныш киім және
жылқыларға жапқыш тіккен.
Шыңғыс хан моңғол тайпаларын біріктіріп, қуатты әскер
құрғаннан кейін, жаулап алу жорықтарын бастады.
1207–1211 жылдар аралығында оның әскері Сібірдің бар-
лық халықтарын бағындырып, оларды Шыңғыс ханға алым
төлеуге мәжбүр етті.
13-сурет. Моңғол атты әскері. «Моңғол» фильмінен үзінді
27