Page 32 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 32
тамақ қоры таусылды. Барлық қиындықтарға қарамастан,
қала өзінің билеушісі Қайыр ханмен бірге жауларға жан
аямай қарсыласты.
Жау жағына өтіп, оларға қала қақпасын ашып берген
қолбасшылардың бірінің опасыздығы ғана моңғолдардың
Отырарды басып алуына мүмкіндік берді. Жау жағы қаланы
өртеп, барлық тұрғындарды өлтірді. Шыңғыс хан қаланың
билеушісі Қайыр ханды тірідей ұстауға бұйрық берді.
Қайыр ханның ерлігі мен күш-қуатына қызыққан моңғол-
дар оны өлім жазасына кесті. Оның аузына балқытқан күміс
құйып өлтіру туралы бұйрық шығарды. Қайыр хан өлім
жазасына кесілсе де, жауға бағынбады. Әлі күнге дейін
Қайыр ханның ерлігі халықтың есінде. Отырар мен оның
батыл билеушісінің қазасы осылай болған еді.
Сайрам, Сығанақ, Жент, Ашнас басқа да ірі қалалары
моңғолдарға табанды қарсылық көрсетті. Осы қалаларды
моңғолдар толығымен жойды. Ежелгі Бұқара, Самарқанд
қалалары қирады. Мыңдаған адамдар тұтқынға алынды,
бағынбағандар өлтірілді. 1219–1224 жылдары Қазақ дала-
сының бүкіл аумағы толығымен моңғолдардың қол астына
өтті.
Моңғол шапқыншылығына дейін Жетісуда 200 елді ме-
кен болса XIII–XIV ғасырларда соның бар болғаны 20-га
жуығы ғана қалған. Моңғол шапқыншылығы Қазақстан аума-
ғын мекендеген халықтарды апатқа ұшыратты. Материалдық
және рухани мәдениетке үлкен зиян келді.
Араб тарихшысы Ибн әл-Асир: «Бұл адамзат баласы
күн мен түн жаралғаннан бері көрмеген апат болды» – деп
жазды.
Қалалық мәдениеттің дамуы көптеген жылдарға құлды-
рап қалды. Жерді пайдалану жүйесі, отырықшы мәдениет
жойылды. Жылқы үйірлері егістіктер мен бақтарды таптап
тастады.
32
32