Page 37 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 37
21-сурет. Р. Кұлбатыров «Шахар»
Ұлы Ұлыс үлкен аумақты алып жатты. Оған қазіргі
Қазақстан, Батыс Сібір, Еділ бойы аймағы, Солтүстік Кавказ,
Қырым, Молдова, қазіргі Украинаның оңтүстігі кірді. Орыс
князьдіктері, Болгария және Сербия Ұлысқа бағынышты
болып, оған алым төледі.
Ұлы Ұлыс Қазақстан тарихында маңызды рөл атқарды.
Дәл осы кезеңде Ұлы даланың барлық көшпелі тайпалары
бір мемлекетке бірікті. Ұлы Ұлыстың аясында қазіргі қазақ
халқы қалыптасып, қазіргі қазақ тілі пайда болды.
Қазақ хандығымен бірге Ұлы Ұлыстың тікелей мұрагерлері
Қырым, Астрахан, Сібір, Қазан, Хиуа, Бұқара хандық тары,
сондай-ақ Ноғай Ұлысы болып саналады.
Төрелер – Шыңғысханның ұрпақтары.
Құрылтай – төрелер мен көшпелі ақсүйектер өкілдерінің
жалпы мемлекеттік жиналысы.
37