Page 26 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 26

12-сурет. Моңғол жауынгерлері. «Моңғол» фильмінен үзінді

             тарға бөлінді. Түмендер, мыңдықтар мен жүздіктер қолбас-

             шылары  байлығы  мен  атағы  үшін  емес,  жеке  ерлігі  мен
             батылдығы үшін тағайындалды.
                 Әскерді бөлудің бұл тәртібін кейін әлемнің барлық басқа

             әскерлері  қабылдады  және  ол  әлі  де  бар.  Шыңғыс  ханның
             әскерінде өте қатаң тәртіп болды. Әскерде бір жауынгердің
             теріс  қылығы  немесе  қорқақтығы  үшін  барлық  ондық
             жазаланған. Ұрыс даласынан қашқаны үшін өлім жазасына

             кесіледі деген ереже болды.
                 Шыңғыс хан әскерінің тағы бір жаңалығы – қарауылдар.

             Қарауылдар  жаудың  қозғалысы,  жолда  кездескен  қалалар
             мен қоныстар туралы хабарлап отырды. Қарауылдардың ар-
             қасында  әскер  жолында  кездесуі  мүмкін  барлық  күтпеген
             жағдайларға алдын ала даяр болды.

                 Қарауылдардың артында моңғол атты әскері жүрді. Атты
             әскер  қарсыластарын  күтпеген  жерден  қуып  жетіп,  далада
             зор жылдамдықпен жылжыды.



           26
            26
   21   22   23   24   25   26   27   28   29   30   31