Page 17 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 17
бел буды. Бірақ бұл әскер
де жеңіліс тапты. Қарапай-
ым сақ шопаны Шырақтың
өз туған жерін бүкіл әскер-
ден қалай құтқарғаны аңыз-
ға айналған. Ол қулықпен
парсыларды шөлдің қақ ор-
тасына дейін апарды. Пар-
сы әскерлері шөл мен ап-
тап ыстықтан ауырып, өле
бастады. Сол кезде ғана
парсы патшасы өзін Шырақ
алдағанын түсінді. Шырақ
бірден сол жерде өлтіріл-
ді. Бірақ ол өзінің Отанын
қорғап қалды.
Сақтар қолөнерді жақсы
игерген. Олар қоладан қару,
ат әбзелдерін, әшекей бұй-
ымдарын, айналар, қазан-
дар құйып жаса ды. Сақтар- 7-сурет. Есік
дың қолданбалы өнер де қорғанынан табылған
Алтын адам
жаңа бағыт – аң стилін қа-
лыптастырғаны да белгілі. Археологтар алтыннан жасалған
сақ патшаларының бірінің сауытын тапқан. Ол «Алтын
адам» атауына ие болып, Қазақстанның азаттық символына
айналды.
Сақ тайпасы ғасырлар бойы өмір сүрді. Сақтар өздері-
нен кейін көптеген ескерткіштер қалдырды. Олар Сырда-
рия, Талас, Шу, Іле өзендерінің жағалауларында, Алатау
бөктерінде кездеседі. Сақ қорғандарынан табылған зат-
17